Жаңалық

Дене шынықтыру сауық кеші «Денсаулық – мол байлық!»

2025 жылдың 25 сәуір күні балабақшада «Денсаулық – мол байлық!» денсаулық күніне арналған спорттық шара өтті. Оған ересек және мектепалды даярлық топтары – барлығы 6 топ қатысты. Дене шынықтыру нұсқаушысы Д. Исаевтың және тәрбиешілердің ұйымдастыруымен эстафета «Кедергілерден өт!», «Салауатты өмір салты» сұрақ- жауап, қимылды ойындар «Доппен жарыс», «Көңілді күн» cергіту биімен өтті.