DiDi

Жазғы сауықтыру кезеңі

Жазғы палитра: табиғаттың барлық түстері» іс-шарасы өтті

«ДиДи» балабақшасында 2025 жылдың 24 шілдесінде «Ғажайып театр әлемінде» іс-шарасы өтті. Шараға балабақшаның барлық топ тәрбиеленушілері қатысты, бірнеше қызықты ойындар ойнатылып, іс-шара бимен аяқталды.
instagram
24.07.2025

«Жазғы палитра: табиғаттың барлық түстері» іс-шарасы өтті

«ДиДи» балабақшасында 2025 жылдың 17 шілдесінде «Жазғы палитра: табиғаттың барлық түстері» іс-шарасы өтті. Шараға балабақшаның барлық топ тәрбиеленушілері қатысты, бірнеше қызықты дамытушы ойындар ойнатылып, соңында лентамен би биленді.
Instagram
04.07.2025

«Киелі домбыра – халықтың мәңгілік мұрасы»

2025 жылдың шілде айының 04 күні «Болашақ» мектепалды даярлық тобында тәрбиеші П. Акимова Ұлттық домбыра күніне арналған «Киелі домбыра – халықтың мәңгілік мұрасы» ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша ашық көрсетілім өткізді. Адасқан әріптер ойыны арқылы экранда көрсетілген заттың атауын анықтап, ұяшықтарға дұрыс жауабын жазу арқылы коммуникативтік дағдыларын дамытты. Ойын барысында Wordwall бағдарламасын қолданды. Тақырыпқа қатысты дидактикалық ойында сұрақ-жауап ретінде додоказдр қолданды, ол балалардың сөйлеуді дамытуға және жылдам жауап беруіне бағытталды. Ашық көрсетілім жоғары деңгейде өтті.
04.07.2025

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет жоғары деңгейде өтті.

2025 жылдың шілде айының 04 күні «Умники» мектепалды даярлық тобында тәрбиеші А.Тулебаева «День столицы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша ашық көрсетілім өткізді. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет жоғары деңгейде өтті.
Youtube Instagram
26.06.2025

«Табиғат ғажайыптары: жәндіктердің сиқырлы әлемі» іс-шарасы өтті

«ДиДи» балабақшасында 2025 жылдың 26 маусымында «Табиғат ғажайыптары: жәндіктердің сиқырлы әлемі» іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Балалардың жәндіктер әлемі туралы түсініктерін кеңейту, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, ойын және көркемдік іс-әрекеттер арқылы танымдық қызығушылықтарын, дене белсенділігін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Шараға балабақшаның барлық топ тәрбиеленушілері қатысып, би биленді, ойындар ойнатылды. Балалар жәндіктер персонаждары бойынша киініп, тақпақтар айтты.
19.06.2025

«Дүниеде не күшті?» қазақ ертегісін балалармен сахналау бойынша іс-шара өтті

«ДиДи» балабақшасында 2025 жылдың 19 маусымында «Дүниеде не күшті?» қазақ ертегісін балалармен сахналау бойынша іс-шара өтті. Шараға балабақшаның барлық топ тәрбиеленушілері қатысты, флэшмоб би, арт-терапия және бірнеше қызықты дамытушы қимылды ойындар ойнатылды.
12.06.2025

«Жазғы олимпиада – денсаулық пен достық мерекесі!» іс-шарасы өтті

«ДиДи» балабақшасында 2025 жылдың 12 маусымында «Жазғы олимпиада – денсаулық пен достық мерекесі!» іс-шарасы өтті. Шараға балабақшаның барлық топ тәрбиеленушілері қатысып, төмендегі эстафеталар ұйымдастырылды: 1-эстафета: «Пілдер мен шеңберлер» (Құлыншақ – 2 жас); 2-эстафета: «Допты домалатып апар» (Балдырған, Улыбка – 3 жас); 3-эстафета: «Еңбектеп өт» (Бәйтерек – 4 жас); 4-эстафета: «Допты қасықпен тасу» (Балдәурен – 5 жас); 5-эстафета: «Тепе-теңдікпен жүріп өт» (Умники – 5 жас); 6-эстафета: «Кім жылдам» (Болашақ – 6 жас).