7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған футбол турнирі өтті
2026 жылдың 06 мамыр күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Shamshyraq ulttyq mektebi» ұйымдастыруымен мектепішілік футбол турнирі өткізілді.
Аталған жарысқа мектебіміздің ұл балаларынан құралған және батыр бабаларымыздың есімдері берілген 8 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнирдің басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық рухты дәріптеу, бірлік пен ұйымшылдықты нығайту.
Жас футболшылар ойын барысында жоғары белсенділік танытып, өзара сыйластық пен шынайы спорттық мәдениетті көрсете білді. Әр команда жеңіске деген жігері мен намысын танытып, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
? I орын – «Бауыржан Момышұлы» командасы
? II орын – «Рахымжан Қошқарбаев» командасы
? III орын – «Талғат Бигелдинов» командасы
Сонымен қатар, ерекше ойын шеберлігімен көзге түскен оқушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
⚽ «Үздік қақпашы» – 2 «Б» сынып оқушысы Сейітжапаров Таир
⚽ «Сұрмерген» – 3 «А» сынып оқушысы Сәрсенғали Әмір
⚽ «Үздік ойыншы» – 3 «А» сынып оқушысы Бағашар Арлан
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында патриоттық рух, батыр бабаларға деген құрмет және командалық бірлік қасиеттері қалыптасады.